АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨҢІРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Общество   15.04.2021   890
Бүгін Алматы облысының әкімдігінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі, облыстық прокуратураның, полиция департаментінің, облыстық соттың, мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері, жобалық кеңселерінің басшылары қатысты. Сонымен қатар, ZOOM арқылы облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері, сондай-ақ облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қатыстырылды.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ОБЛЫСТЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН БЕЛГІЛЕДІ
Общество   04.03.2021   1360
Бүгін Алматы облысының әкімдігінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа облыс әкімінің м.а., облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, облыстық прокуратура, полиция департаменті, облыстық сот, мемлекеттік кірістер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті басшылары, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры, Алматы облысының "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ директоры қатысты. Сонымен қатар, ZOOM арқылы облыстың барлық аудандары мен қалаларының әкімдері, сондай-ақ облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қосылды.